Аузы жеңіл, сөзінде парық жоқ, беталды сөйлей береді. ~ Неге екені белгісіз, осындай кісілердің біразының аузы дуалы, сөзi уәлi емес. “Ханның сөзін қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ” деген осы ма? Ж.Аяз. ~ Өзі батыр бейнелі, өзі әнші, шешен Базаралы үлкендер сынынша бір тентек, сотқар көрінуші еді. Жалғыз жайылған сыйымсыз. Аузының дуасы жоқ. Ащы тілдің тыйымсызы боп аталатын. Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес. М.Әу.
