Сөзге епті, ділмар. ~ Әсет күн сәулесі тұлымында ойнаған шақтарында-ақ әнге әуес болыпты. Оның әкесі Түзелбай ақсақал көзі ашық, төбесі тесік, талағының биті бар, аузының желі бар адам екен. Ылғи батырлар жырын айтып, балаларының санасына ерліктің рухын сіңіріп отырған. А.Айт. ~ Бұл дықпыртты естіген аузының желі, құлағының қотыры бар кейбір сумақай әйелдер мұның әйелін айналдырып, сұрақтың астына алған күндер де болған. Қуанарлығы сол, Бибісі аузына берік, бір тоға. А.Нүс.
~ Өзін іштей мүжіп, жабырқап отырған ақынның жағдайын көрген Алшекең көзін сығырайта ашып: – Қаңғыбасым-ай, келдің бе? Аузының желі, қолының емі бар текті атаның ұлы едің, науқасымның беті қалай? Көрші, – деп қолын ұсынып, тамырын ұстатады. Е.Бал.
