Дем алып, көңіл көтеріп, мауқын басып келді. ~ Жылына бір рет барып, аунап-қунап қайту мен үшін бұзылмас шөре. Е.Зей. ~ Шынында, өлердей сағынып қалыпты. Бәріне таңырқап, бәрін жүрегінің түбіндегі аса бір ыстық ықыласпен қабылдап отыр. Қазақтар аунап-қунап қайт дегенде осындай сағынышты жазсын дейді екен ғой. Әдетте бұл сөзді төркінін көптен көрмеген қызға айтушы еді. К.Қаз. ~ Сол Еркін бір күні аяқ астынан ұшыраса кетті. Сағынған бауырдай құшақтай алды. Болып-толса да баяғы аңқылдаған, ақкөңіл қалпы. «Тауда шалдың дачасы бар. Алдағы демалыста сонда барып, аунап-қунап қайтайық! – деді лыпылдап. Т.Сәу.
