Босатты, еркіне жіберді. ~ Бірақ Қанат, өмірі аузына алмағанын айтып, зырылдап тұрып алған соң, секратар да қайтып ақ араққа аттап баспады. Сыраны сыздықтата сіміріп отырып, өзінің тілмашы мен Көпжасардың ауыздығын алып қоя берген. Т.Рыс. ~ Айтып-ақ берейін. Бірақ, ол бір ұзақ әңгіме. Алдымен ана аттардың ауыздығын алып отқа қой, – деді шынтақтап жантая беріп. Ж.Сәм. ~ Талайға дейін ақ арақтан татпай отырған Көпжасар енді өзін-өзі ұмытып, сілтесін-ай кеп!…Оны ешқайсысы мүсіркеген жоқ, қайта қыбы қанғандай болған.- Ой, бәрекелді! Мынау осындай егей емес пе еді!- Ауыздығын алмай отыр екен-ау!… Т.Рыс.
