Posted in

АЯҒЫ АЯҒЫНА ЖҰҚПАДЫ (ЖҰҒЫСПАДЫ)

Зыр жүгірді, жүрісіне жан ілеспеді. ~ Паркет еденді жалаң аяғымен сықырлатып барды да, краның … және жасыра алмай жұлқынып, аяғы – аяғына жұқпай дедектеп барады … Қ.Жиен. ~ Сарымсақ одан жаман үрейленіп, аяғы-аяғына жұқпай бүкіл ауылды кезіп шықты. М.Мақ. ~ Жылы ұясы, зайыбының жүзінде күн шуағы, аяғы аяғына жұқпай қалықтап ұшып жүрген қауырсынға ұқсайды. Д.Дос. ~ Әсіресе, қорқып келе жатқан Түгелбек. Аяғы аяғына жұқпай ызғиды. Ждақайдың Ждақай екені рас болса, қуып жетеді ізінен. Жон терісін сыпырады. Түгелбектің көзінде бұл әлемде Ждақайды ауыздықтайтын құдірет жоқ. С.Ел. ~ Тұра кеп қашқан Іргебайды біз тұра кеп қуамыз. Аяғы аяғына жұғыспай, бұлдыраңдап жүгіргенде, тері шалбар мықынына түсіп кетеді. Ол оны ышқырынан екі қолдап шеңгелдеп ұстап алады. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *