Құлаққа түрпідей тиді, тұрпайы естілді. ~ Күләйдің шаңқылдаған даусын гүр еткен сыныптың үні тұншықтырып тастады. Әлгі сөздердің оғаш та әбес естілгені сонша, сыныптағы бар бала бірден айғайлап жібергендей. Ә.Тар. ~ Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қоғам малы тұр маңырап. – Бақытжанның бұл жалынды сөзі, шынында да, әбес естіліп еді, әсіресе ақ қар, көк мұздың ортасында, тістісіне тимей бүрсеңдеп, екі тәулік нәр татпаған ішектері итше ұлып жатқанда… аманжан, ішін басып қатты күлгені соншама, трактордың шынжыр табаны солқылдап кетті. О.Бөк. ~ Діни мейрамға әкелінген шыршаны сайтан алсын дегені әбес естілгенімен күлкім келді, іле көзім қарауытып құсып жібере жаздадым. Дж.Сэл.
