Posted in

ӘБІЛЕТ БАСТЫ

Есінен айрылғандай болды, қара басты, жын соқты. ~ Ақ сүйек ойнағанда op қояндай
орғып, бір қажымайтын аяғы түскірге не болды? Әбілет басып, әлдебір пәлеге бастап келе ме? Ж.Айм. ~ Бұл шіркінмен он жыл бойы ырылдасса да құлан-таза құтылмай-ақ келеді. Ұрып жықпаса да ине жұтқандай имитіп, айдың өларасында әбілет басқандай екі иініңді алып жейді де тұрады. Ж.Айм. ~ …Сағат жарымнан соң Қытан қатты кейіп оралды. — «Кировецтің» тракторшысын әбілет басыпты. Коробка передачасы сыныпты. Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың кері. М.Қаб. ~ Бұл шіркінмен он жыл бойы ырылдасса да, құлан-таза құтылмай- ақ келеді. Ұрып жықпаса да ине жұтқандай имитіп, айдың өларасында әбілет басқандай екі иініңді алып жейді де тұрады. Қ.Ысқ. ~ Жұмыс көбейсін, бастық! Қасып сөйлейтін қыршаңқылығы жоқ еді, бүгін әбілет басты. М.Қаб.