Ерекше қуанышты көңіл-күйдің жетегінде; шаттыққа бөленген сәт. ~ Ендігі сәтте саябақтағы би алаңы ма, театрдың сәулетті залы ма, әйтеуір талшыбықтай майысқан бойжеткен бақыт құшағында тербеліп жүрер еді. Т.Сәук. ~ Адамдар бақыт құшағында жүрген бейбіт заман. Күні кеше алапат соғыс болмағандай, адамдар аш-жалаңаш жүрмегендей, мамыражай, дүн-дүние дін-аман. Ш.Мұр.
