Аяқ жетпес алыс жер д.м. ~ Кәнігі қол мен көз қалаған бұйрығы мен жарлығын қалт еткізбей орындатады, ол анық. Орындамаса барар Балқан таулары анау тор болмақ. М.Қаб. ~ Қабағыңда – қамырықты жоқ па мұң? Балқан таулар, бұйырмаңыз айыпқа Талқандалған өмірімнің соқпағын. Үшқараның қабағында жоқ па мұң? Д.Аман. ~ Алды-алдына би болсаң, Алатауға сыймассың Бас-басыңа би болсаң, Балқан тауға сыймассың! М.-М. ~ Ары қарай тыңда. Балқан таудың басында, Боз жорғасы қасында, Бозымбай батыр келе жатыпты. Темір мылтық асынып, Дұшпандарын басынып… – деп əжесі ертегісін жалғастырады. С.Досж.
