Posted in

БАС ИДІ

а) Ілтипат қылды; ризашылығын білдіріп, иілді. ~ Жазушылар, суретшілер, композиторлар ұлы ақынның қабірін гүлге бөлеп, мазарына бас иіп, тəу етіп жүр. З.Қаб. ~ Сол кезде қарлығаш топ алдына ұшып шығыпты да, патшаның аяғына бас иіп былай депті … Б.Мом.

ә Көнді; жан-тәнімен берілді. ~ Он жасыма кірген соң, Домбыра, гармонь білген соң, Мылтық атып жүрген соң, Аңшы боп түстім азапқа. Өзгеше болмақ сүйгенім Осыған басты игенім. Киімді бөтен кигенім, Ұқсатпай орыс, қазаққа. Шәк. ~ Көз бен көңілді арбаған құдірет сұлулық болса, сол құдіретке құлдық ұрып, бас иіп өтермін”. C.См.