а) Кіріп шықты, жүзін көрсетті, қатынасты. ~ Қала мен ауылда ағайындардың өзі шақырусыз бірінің есігін бірі ашуды қойды. Наурызда, айт күндері де бас сұғып, “құтты болсын!” айту ілу де біреу ғана. Ж.Аяз. ~ Түскі астарына қамданған жұрт бірі алып кетпек болып, бірі ала бармақ болып, дүкенге бас сұғады. А.Үс. ~ Алматыдағы газет, журналдармен байланысың болмады. Оны білемін. Ал, Жолбасар редакцияларға жиі бас сұғып тұратын. Д.Қуат.
ә) Араласпайтын іске араласты, көлденеңнен кірісті. ~ Сол қамалға тірелген кезде ар жағы бір құпия беймәлім, бас сұғуға болмайтын мүлде жат дүние екенін аңғарады. Т.Әбд. ~ Кенет шеткі отаудан әсем киінген сымбатты келіншек көрінді. Ол батыл басып, әйел бас сұқпайтын мынау даулы ортаға қарай келе жатыр. Жұрттың бәрі аң- таң. Б.Мом.
