Posted in

БАСЫН АЛЫП ҚАШТЫ

Керек қылмады; қажет деп таппады; мойнына алмады; пәлесінен аулақ деп, ат-тонын ала қашты. ~ Баласына күймей қайтсін, о баста жаратылыс бойына бітірген өнерден де басын алып қашады. О.Сәрс. ~ Демесін. Уәдесін берді. «Көдекеңнің калқозға кіруіне менің қарсы болған жерім жоқ, жұрттың өсегі шығар», – деп ақырында басын алып қашты. Б.Майл. ~ Колхоздың бастығы Бекболат «мен қалыс болғандықтан мына жандосовтықтар мені құрту үшін әдейі істеді» деп басын алып қашты. Б.Қыд.