Жан амандығын ойлады. ~ Россия мемлекетінің қазіргі бейтәртіп бүліншілік күйінде қазақ басын бағып, аман қалайын десе істейтін шарасы тез милиция жасау. Ол милиция автономия болса да керек, болмаса да керек. С.Сей. ~ Әкесінің қартайғанша қой соңынан қалмай жан бағып жүргені де Сақардың миына кіріп– шықпады. Мырзасынып басын бағып, бойын күтіп, байдың оны– пұны «қуып кел, сүріп келімен» күнді кеш қылатын.Сүйтіп жүргенде, үкімет ауысты. Кедей– кепшіктің күні туды. Заман өзгерді. Ү.Жлк. ~ . Шар тарапқа түгел елеңдеп жүретін Күдерінің көңілі тізеден аса қалың қар жауғанда барып орнына түсті. Оған жау жер аяғы кеңігенде жанданатындай, қыстың көзі қырауда қай антұрған да басын бағып жатып алатындай көрінетін. Ә.Кек.
