Басы аман, төрт түлігі сай, қайғы-мұңсыз. ~ Мүсірәлі тіршілік шіркіннің тұрақсыздығын, бұл жалғанда бауыры бүтін бенденің жоғын, түбінде баршамыздың барар жеріміз бір екенін айтты. Т.Әл. ~ Сендер ғой, – деді қария манағы Көкібай баласына қарап. – Бағана аз ғана бөгелгенім үшін сөктіңдер, жұмысқа кедергі жасағандай болдым. Балам бар, бауырым бүтін шағым еске түсіп, ойға батып кеткенмін. Биікке шыққан соң қыстау жаққа көз саламын деп… – Қария кінәлі адамдай төмен қарады. З.Ғ.Им. ~ Еліміздің ұйтқысы болып келе жатқан әдет-ғұрпы бар. Сендей ақылды адамдар сол ұйытқыны бұзбас болар. Бүгін басы аман, бауыры бүтін ел, ертең, басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Ғ.Мүс.
