Пана тұтып, қамқор көрді, жақындай түсті. ~ Оның үстіне, Ғайша күннен-күн өткен сайын, әншейін жолдастық жүрістен гөрі істі ұлғайтып, Қасымның баурына кіріп бара жатқан сияқтанды. М.Әу. ~ Шіркін, мына Нәзипа тоқалдың өзі де оңды екен-ау, ә!? Әдемі ақ байталдай ойнақшыған әйелдің бір тазасы ғой. Екі беті албырап, екі көзі жаудырап, күлкісі сылдырап, кигені саудырап, қарашы, мұғалімнің бауырына кіріп кеткендей боп отырғанын. І.Жан. ~ Еспер үндемейді. Күніш шекпенін шешіп, тонның ішінен екеуіне бірдей кигізе жабады да, үстінен тонды тастайды. Біршама тыныстағандай болады. Әрі-беріден соң тағы тыпыршып, сонан соң Еспердің бауырына кіре түседі… Б.Қыд.
