Жақсы істерімен жұрттың көзіне түсіп, абыройлы болуға тырысты. ~ Шаруақорлығының арқасында кейін әжептәуір мал бітті. Жақсылармен жанасып, бедел жинады. Т.Әбд. ~ Ғабиден ағамыз еркімен келіп отырды. Кресло сұраған жоқ, шенеуніктің шеніне зар емес-ті, аты да, атағы да онсыз да жеткілікті еді, заманның қилы-қилы құбылысы мен қиянатшыл саясатынан, кейбір жарамсақтықпен биліктен дәреже, бедел жинаған сүйкімсіздерден бойын аулақ ұстаған, тумысынан аристократ, екі әріптен де, үш әріптен де, әріптестерінен де тәуелсіз ғұмыр кешті. Қ.Ысқ. ~ Онда Бәйгежиренді қойғанда қамшысының бүлдіргісінен ұстатар ма Құрдасы? Іздегенін зарықтырып барып апарса да өзінің қадір– қасиеті артпақ. Тіпті аюды таппаған күнде де “таптым” деп бұрыннан даяр өтті бере салып, бедел жинамас па! К.Сег.
