Posted in

БЕЗ БҮЙРЕК

Қаныпезер, жат бауыр, ешкімге жылуы жоқ. ~ Кешеден, таңертеңнен үн қатпай қойып еді! Без бүйрек, жан шығарда ғана үн шығарады ғой ол. Аналарға ақыл айтқалы барады! – деді. М.Әу. ~ . Бірақ, бұл жолы да «кісіге берген сертім бар, уәдемді бұза алмаймын! » деп қайырылмай кеткен без бүйрек баласынан үміт үзді. Ү.Жәл. ~ Без бүйрек өмір нәрестені безеріп қарсы алған. Оспан туғанда жас анасы терлеп қалжа жеген жоқ, нәрестесін қойдың құйрық майымен ауыздандырған жоқ. С.Омар.