Posted in

БЕЙПІЛ СӨЙЛЕДІ

Дөрекі сөйледі, боғауыз соқты. ~ Жазықсыз адамды бекер жазғырма. Қазақ қызын әрқашанда сыйлаған. Қыз баланың көзінше бейпіл сөйлемеген. Мә! Мынау дөкірлігің үшін! Мә, мынау найсаптығың үшін! Н.Дәу. ~ Қасиеті бар адамның қасында қотиын жүрмейді. Мәжкеңнің әзілі майда, күлкісі көңілге жылы, әлдекімдер секілді албаты қылжақ үшін бейпіл сөйлеу оның лексиконында жоқ еді. Қ.Ысқ.~ Келіншек қартаң актрисаға іш тарта қарады. Қанша бейпіл, көп сөйлесе де адалын айтып, ағынан жарылғанына риза болды, Іші жылып, жақсы көріп серпіле түрегелді. Н.Сер.