Posted in

БЕЛДЕН КЕШТІ

Әлдебір оқиғаның, құбылыстың қақ ортасында жүріп, қызығын (не қиындығын) молынан татты. ~ Шығады жүзден дара, мыңнан дана, Екшелер дән мен қабық қырманда да. Бейішін бейнетінің белден кешер Бейілін ел мен жұртқа бұрған ғана. И.Сап. ~ Зейнептің жегені алдында, жемегені артында, қолын жылы суға малып қойып, молшылық тұрмыстың бал дәуренін емін-еркін белден кешіп-ақ жүр. Ө.Ахм.