Рахат көрді, пайдаға кенелді, ісі оңға басты. ~ Әй, шырақ, бай болатын болдың, қырық қысырақ! – деді. Босанған келінінің үстіне кіре алмай тұрған Мамай: – Е, тұқымың өссін, тұқымың өскір! Сол қысырақтың жартысы сенікі. Бар, береке тап, – деді. Қ.Ысқ. ~ Істің мән- жайына қанғанда, жиен ағасына атбекет былай деді: – Сейфуллиннің үстінен шағым айтып береке таппайсыз. Оның атағы сонша, губревкомда одан куәлік те сұрамаған. Т.Әлім.
Ісінің қызығын көрмеді, рахаты болмады, бастаған ісі оңбады, көңілі толмады. ~ Соғыс алдында мектепте ән-күй үйрететін мұғалім емес пе еді?! Той-томалақ Манайсыз береке таппайтын. М.Сүн. ~ Жолшыл еді, жортса жолдағыны, ақырса аспандағыны алатын күшті еді деп, жолбарыс саған еріп шығып едік… Сөйткен сенен де тырнақтай береке таппадық. Ең әуелі сенің өзінді жесек деп тұрмын… М.Әбд. ~ Екеуі гүлзарды құлдилап барып, «Алатау» кинотеатрынан кино көрді. Итальян комедиясы екен, көңіл-күй қабыспаған соң ба, онша тұшынып береке таппады. Одан шыққанша көз байланған. Мотор ұстап, «Таугүл» микроауданына тартты. Т.Сәу.
