Posted in

БЕТ МОНШАҒЫ ТӨГІЛГЕН (ТӨГІЛЕРДЕЙ)

Ұяң жүзді, иба сақтаған, иманы бетіне шыққан. ~ Кенет сыртқы есік ашылып, ар жағынан бет моншағы төгіліп, үлбіреген жас әйел көрінді. Қ.Жұм. ~ Сұңғақ бойлы, талдырмаштау келген, кісі көрсе бет моншағы төгілердей ұялып тұратын, ақ сарының әдемісі деуге болатын, жап- жас келіншегі бар екен. Бабалық қазақ салтына бағынбай, әйелін бірден таныстыра бастады. Қ.Жұм.