Posted in

БЕТ ШАРПЫДЫ

Ыстық леп бетке ұрды, күйдірді. ~ Түске таман құм оттай күйіп, ыстығы бет шарпыды. Құм шоқыларды асқанда, ат толарсақтап әзер шығатын еді. З.Шүк. ~ Теңіз жақтан соққан сағым аралас ыстық жел бет шарпиды. Тас жолдың үстінде құм борасын ирелеңдеп, ойнақ салады. Қ.Жиен. ~ – Ол жағын уайымдама. Не бопты, құдай бірдеңе берер, — деді Бибі ыстық демі бет шарпығандай болып. — Кінә менен болып жүр ғой, жаным… Қ.Жұм.