Беті бүлк етпей жалған сөйледі. ~ «Бешташтың» адресіне айтылған осы іспеттес сөздердің талайын естігенбіз дегендей, беті шімірікпестен Қаратай жай тыңдап отыр. Ш.Айт. ~ Бәрі де алдарындағы тышқанкөз нүктені басып– басып қалды. Жалпақ таблоның беті шімірікпей 99 депутаттың 9– ы қолдап дауыс берді деп көрсетті. Қ.Түм. ~ “Осы айтқандарыңның бәрі судай өтірік! Иттің баласы, жасыңнан өтірікке үйреніп қалған немесің, бет-аузың шімірікпейді,”- деп, қарқ-қарқ күлді. М.б.Т. ~ Оның қаталдығын кінәлаған жоқ. Ол тек өзінің аузы бармай тұрған үкімді мына безбүйрек офицердің жүзі шімірікпестен соншалық жайбарақат айтқанынан шошынғандай. Ә.Нұрп.
