Posted in

БЕТІМЕН (БЕТ-БЕТІМЕН) КЕТТІ

Жүгенсіз кетті. ~ Балаға елжіреп жұмсақ қарайсың. Бала деген қоймен бірдей, қатал болмасаң бетімен жайылып кетеді. Н.Сер. ~ «Мүлікті тəркілейді, тоқалдарды тартып алады», – дегенді, байы кетсе, қызметкерлердің де бетімен кететінін ұқпайды-ау, ұқпайды. С.Досж. ~ Қарамаса, бақпаса өз бетімен кетпегенде қайтеді. Т.Сәу. ~ “Балаларыңыз қайда?”- десем, қолын сілтейді. Бәрі бет-бетімен кеткен. Аналарының хабарын да алмайды. Д.Ис.