Ұзақ уақыт бойы әлдебір жерге аяқ баспады, теріс айналып кетті. ~ Бұл мінезін халфелер ұнатпап еді, әнші бозбала ұлықсатсыз қала аралап, талай күндер медресе бетін көрмей кетті. С.Жүн. ~ Сонда он үш, он төрт жаста екен. Ауыл бетін көрмегеніне де жиырма жылдан асыпты – ау… Қ.Ысқ. ~ Күн бойы үй бетін көрмейтін, көруге жіберілмейтін аналарға бесік-жөргегімен әр үйден теріліп, арбаға тиеп әкеліп еміздіріп қайтарылатын бөбектер қалай аман қалсын?! Ғ.Біл.
