Біреудің (рудың, елдің т.с.с) абыройына кір келтірген таңба. ~ Несін айтайын, бетке шіркеу белгілі күнә емес пе, Жареке- ау, — деп Аққұл кенет қалшылдап, қамшысын көтеріп, байбаламға басты. Қалш- қалш етіп орнында әзер отыр. — Мына жаман сәурік менің шаңырағымның арын былғады, әулетімді күлкі- мазақ қылды ғой. Б.Мом. ~ “Зиялы қауым, білгіш ғалымдар екі сөзге келмей аяқ астынан бір-бірінің жағасына жармасып, төбелесіп жатса – бетке шіркеу масқара осы емес пе! Д.Дос. ~ Түндікті үйге мұнан артық масқара бар ма? Бетке шіркеудің үлкені де, жұртқа күлкінің шегі де, шаңырақ абыройын айрандай төгу де осы емес пе? Өсек ойран салды дегендей, байыбына барып болмай Аққұл әулетінің аттан салғаны да осыдан екен. Б.Мом. ~ Енді міне осы қазір әңгімені қалай, неден бастарын білмейді, бұ да бетке шіркеу, еркіндікке, бауырластық сезіміне тұсау. «Өткен күннің белгісi жоқ»,- дейді қазақ атамыз. Оу, бекер сөз, Бәрі есепті… М.Сүн.
