Posted in

БӘЛЕСІНЕ ҚАЛДЫ

Әлдебір залалды іске бас сұғып, басы дауға қалды; біреудің кесірі тиді. ~ Қызды зорлықпен алып қашып, бәлесіне қалған адамдай екі жігіт абдырап бір–біріне қарады. Т.Әбд. ~ Айтты, бітті, тоқтамайды. Көлденең тұрсаң, бәлесіне қаласың. Өршіп кетеді. Сол өртеніп жүріп қой, бәрінен қағылды. Әйтеуір, бұл көргелі өртеніп келеді. Өртеніп ойнады. Осы ауылда сол баяғыда төбелеспеген баласы жоқ. Н.Дәу. ~ Қатты зардап шеккен, халі мүшкіл, өң мен түстің арасындағы міскін жан. «Құрғыры, қолымда қылжиып қалып бәлесіне қалармын» деп, Нариман екі бөлменің арасында зыр жүгірді. Ә.Асқ.