Posted in

БИЯЗЫ МІНЕЗ (-ДІ)

Әдепті, ибалы, тәрбие көрген. * Сейілбек қошеметшіл жігіттің биязы мінезіне жан- тәнімен ризалығын білдіре … С.Ом. * Татымды асын, таза табағын ұсынып, оң қолдай орала кеткені қажет- ақ. Әрі биязы мінезі, ашық қабағы көпшілік көңіліне қонымды. Ү.Жәл. * Ол Саламаттың ынтық үнімен бірге бетіне ыстық демінің тигенін әлеуетті қолы мойнына оралып та үлгергенін сезінді; ілкіде қарамаға сыпайы, биязы мінезді, үш күннен бері ортақ тіл табысып, сыйласты боп қалған жігіттің тосын қылығына қалай, не істерін біле алмады. М.Сүн. * Ол бір биязы мінезді, ұп-ұяң, қуқыл жүзді, ашық көк көзді, өзі сәндеп қидырып жүретін тікірейген шашты адам. Э.Хэм.