Posted in

БІР КӨРУГЕ ҚҰМАР (АСЫҚ)

Бір кездесіп, көзайым болуды арман қылды. * Керекудің жігіті Амантайды өз жеріне бастап алып барды. Кереку пристаныңда жүрген жұмысшылар Амантайды естіген екен, және ол туралы неше түрлі ертегілер тарап, оны бір көруге бәрі де құмар екен. С.Мұқ. * Қуат аға! Атағыңызды сырттай естіп, бір көруге мен де құмар едім. Сол іңкәр құмартумен өтермін де, – деп сөзін бітіргенде көзіне мөлтілдеп жас үйірілді. С.См. ~ Және бұл екі кісінің де Демежанды сырттай білетінін, тіпті бір көруге құмар болып жүргенін, бүгін оңтайлы сәтті пайдаланып, әдейі ертіп келгенін де сөз арасына қыстырып жіберді. Қ.Жұм. * Әсіресе лепірген сезіммен ұлының жүзін бір көруге асық. С.Смат.