Бір-бірінен айнымайды. ~ Бұратана халықтарға оның жаны ашып, еті ауырып отырады әрқашан. Сіз де сондай, бір қалыптан шыққандайсыз. С.Жүн.~ Мектепте де кінә бар. Барлығы қағаз бойынша. Бала біткенді бір қалыпқа құйғандай етіп шығаруға құлшынады кеп, өршеленеді кеп… С.См. ~ Алла-Тағала адамдардың бәрінің басына ноқтаны бір қалыптан шығарған да, ал сол бастың ішіндегі миды әрқилы жаратқан. Ш.Мұр. ~ Таңертеңгілік олар саябақта атпен қыдырады, күндіз таныстарымен әңгіме айтып уақыт өткізеді, шай ішеді. Күлкілері де бірдей, сыпайыгершіліктері де бір қалыптан шыққан. Біз үшін олар парақталып біткен кітап. О.Уай. ~ Неліктен бәрің бір қалыптан шыққансыңдар? − деп күйзелгендей болады. Ш.Мұр.
