Posted in

БІР СЫДЫРҒЫ

Біршама, әжептәуір. ~ Көлбай, Талпақ, Сарыауыз үшеуі қосшы союзының болыстық съезінен қайтып келеді. Астағы аттары енді бұрынғыдай тай-тулақ емес. Жал-құйрғы бүтін: қоңы тоқ – шаруаның тұғыры… Киімдері де бір сыдырғы бүтінделіп қалған. М.Әу. * Сөйлегенде болсын, жазғанда болсын төл сөздеріміздегі үйлесіп, үндесіп, бір сыдырғы айтылып келе жатқан дыбыстардың тіркесіне іріткі түсіріп, күйісінен жаңылған малдай мәңгіріп қалатын кездеріміз жиі байқалады. Б.Қали.