Көне дәстүр бойынша екі (бірнеше) адамның серттесуі, әлдебір іске бел буып, анттасуы. ~ Ең ақырында боз қасқаның қанымен анттасып, Жәмеңке албанның Райымбек, Саурық бастатқан қадірлі ұлы аруақтарының бәрін атап тұрып, “солардың оң сапарын бер” деп, мойнына бұршағын салып тұрып, тілек қылып, бір әкенің баласындай бір ниетке тас түйін болып буылған елге ақ батасын берді. М.Әу. * Алаштың азаматтары болып, халқымыздың ақ туын жеке көтереміз деп боз қасқаның қанымен анттасқан күндер қайда? О.Бөк.
