а). Сақтанды, ойын айтудан, шешімтал әрекеттен тартынды. ~ Қартқожаның жанына үшкөл мектеп, қала, оқу жайынан айтса, жағар еді. Үлкен кісі сөйлесіп отырған соң, бірдеңе сұрауға әдепсіздік болар деп, Қартқожа бойын бақты. Ж.Айм. ~ Өзге әңгімелердің ішіндегі ең күдікті, қиын сөз Мақсұттан қалған үй мен мүліктің сөзі болғандықтан, Жұмағұл бұл турасынан қазір де ашып ешнәрсе айтпай, көп үндемей отырып қалды. Бұл уақытта Жұмағұл жаратылысындағы тақыстық қулығына салып, бойын бағып отырды. Бірақ өзгелердің сезін тоқтатқан жоқ. М.Әу. ~ Қазына. Ендеше неге бой баққан адам құсап селтиіп тұрсың? Неге жүрмейсің Жәкеммен тізе қосып? Б.Майл. ~ Бұл отырыста бір- бірінен бой баққан әр елдің жуандары көп шешіле қоймай, биылғы кектің шығысы, мал тойынысы жайында ғана әңгіме қозғап отырды. Қ.Жұм. ~ Жұмағұл бұл турасынан қазір де ашып ешнәрсе айтпай, көп үндемей отырып қалды. Бұл уақытта Жұмағұл жаратылысындағы тақыстық қулығына салып, бойын бағып отырды. Бірақ өзгелердің сезін тоқтатқан жоқ. М.Әу.
ә) Жанын күтіп, тұла бойын түзеумен болды, сәнденді. ~ Тымырайып білген түспен Шын аласта бой бағуға, — Ханымдарды жылмайтқандай, Жалынды өткір сөз тапқаңдай. І.Жан.
