Posted in

БОЙ СУЫТТЫ

Мауқын басты, денесі босады; қызуы басылды. * Онымен тұзы жараспай, екі-үш ай өтпей айырылысты. Содан соң-ақ жесір келіншектің үйі ерінбеген еркектің бәрі қалаған уағында бауырын жазып, бой суытып кететін ойнаққа айналды. М.Мағ. * Ар жағы… жас неменің бұрқыраған жұпарына басы айналған еркек әлі сүйегі жарылмаған әйелдің еті тығыз денесін астына басып алып, бір сүрісінде үш рет бой суытқан. Н.Дәут. * Жол — жөнекей қолға түскен олжаны оңай малданып, апыл – ғұпыл мауықтарын басып, бой суытып болып жолдарынан қалмай тезірек жүріп кеткілері келген шығар. Т.Ахт. * Дархан бүгін ерте тұрған. Жайлаудың жаздайғы мол-мол қызығы, үлкен бір құмарлықтан шаршағандай саябырсып, ептеп ересек тартқандай қоңырқай пішінмен бой суытқан. О.Бөк.