Көңілі көтерілді, шаттанды, масаттанды. * Көктемнің бауырмал, жарқын күні жерге нұрын үшкіріп, ызғарын аластап, жүзіне шырай бергенде, жігіттердің де бойы жадырады. Ж.Айм. ~ Тұраш еріндерін күйдіре отырып ыстық суды сораптап іше бастады. Ішкен сайын бойы жадырап, тершіп, жан-дүниесі бұрын өзі сезіп, біліп көрмеген рақатқа батты. С.Мұр.
