Posted in

БОЙЫН КЕҢГЕ (КЕҢ) САЛДЫ

Көңілі жайланып, өзін еркін сезінді. * Әсіресе, мынандай ес-көз болатын қамқор адамға кезіккеніне бола ма, бойын кеңге салып, маңдайы терлей, мажаурап сала берді де неде болса қойшының өзімен бірге оның үйіне барғысы келіп, басына қойшының кере қабын төсеніп мызғап ұйықтап кетті. Б.Жұм. * Өзін қуып келе жатқан ешікімді көрмегендіктен бойын кеңге салып, алти айырығынан кеткен терін сүртіп … Б.Жұм. ~ Абайдың құлақ күйі сияқты бір жеңіл, жорытпа термесі болатын. Ол да соған түсіп, енді Қуандықтың өзіндей, жылдам шығармаға ауысты. Барған сайын, Абай бойын кең салып, шешен айтуға, шапшаң айтуға оңай төселіп барады. М.Әу