Posted in

БОТАЛЫ ТҮЙЕГЕ БАЛАДЫ (БАҒАЛАДЫ)

Әлдебір арзан дүниесін тым қымбатқа бағалады д.м. ~ Оның үстіне Аханның талғамы талай жазғыштың балшығын редакцияның босағасынан қайтарды да жамау- жасқауына дейін боталы түйеге балап жаман үйренген кейбір ағайындарға жақпай қалды. Қ.Ысқ. ~ Қорғалжын даласын Харитонның мақтағысы келіп еді. Өз жерінің бір бұтасын боталы түйеге бағалайтын жершілдердің қылығын істеп қайтем деп, іркіле берді. С.Ом.