Posted in

БУЫНЫ БЕКІДІ

Есейді, әлденді, аяғына тұрды. ~ Жоқ, бір кезде, әсіресе буының бекіп үлгермеген жас күніңде ізің түскен, қуанып-сүйінген не опынып-күйінген жерлерге қайта айналып соқпасаң, көңіл құрғыр көншімейді екен. О.Сәрс. ~ «Тұрымтай он сегізде тұрмыс құрса да кеш емес. Оған дейін әбден буыны бекіп, үй шаруасына үйренсін. Болашақ жеңгесінен тұрмыс-тіршіліктің сырын түйсін, — деп ол әлі алмаған әйелін көз алдына елестетіп қояды. Б.Тоғ.