Posted in

ДЕМІНЕН ЖАЛЫН (ОТ) ШЫҚТЫ

Күңірене үн қатты, іштегі зарын сыртқа шығарды. ~ Баласын қасына алып жатып, емірене құшақтаған. Маңдайынан ұзақ иіскеген. Біруақта демінен от шыққандай өксіген. Сол кез Қанат маңдайына шоқтай ыстық тамшы құлап еді… Н.Сер.~ Жетпейді, — деп демінен жалын шыға күрсінді Мұңлық. — Мұны сен қазір қызбалықпен айтып жатсың. Былайырақ жасың ұлғайғанда басқаша ойлайтын боласың. Н.Сер. ~ Тікшигеннен тікшиіп еш құламайды. Салбырау жоқ. Бір қалыптан шыққандай қос конусқа жанары арбалып тұрды-тұрды-дағы демінен жалын от шығарып күбір етті. Д.Дос.