Өмірдің қызығы, рахаты. ~ «Қан майданда жауыңмен бетпе-бет келіп күш сынасқаның дүниенің төрі екен ғой!.. Мынау не енді! Бұқпантайдың тірлігі әншейін. Я төс қағысып, құйрық-бауыр жесіп құда-жекжат болған емес, я түңлігін түріп ат көтіне мінгізіп қатын қылған емес… Д.Дос. ~ Маған Бүрген өзені шалқып жатқан дария, Көктөбе асқар тау сияқты боп көрінді. Мен дүниенің төріне шығып, төбесінде тұрғандай сезіндім өзімді. Ә.Нұрш. ~ Дүниенің төрі тұрмақ көріне жете алмай отырғанда мал жиып, көң тепкен тауықтай қоқырдан дән іздеген байғұс кигізген киітке разы болмай жалғыз қызын барған жерінен қайтарып алған да өзі. Қ.Ысқ.
