Әзіл-қалжыңға жоқ, шәлкес мінезді, басынан сөз асырғысы келмейтін адамның сипаты. ~ Тәкаппар Дағыстанда Жүсіп батыр, Бақыты асып құрбысынан келе жатыр. Екі сөзді көтермес зор көкірек, Соқтығысып бұған ешкім тимейді ақыр. Ақылбай Абайұлы. ~ …Жастармен қош айтысып, машинаға мінген соң: ― Аз айттыңыз ғой, – деді Бек көңілі толмай. ― Одан артық керек емес, – деп, Бәтима шалқая отырып пальтосының етегімен тізесін қымтады. – Осы күнгі жастар көп сөзді көтермейді. Тілі шыққаннан бастап ақыл үйрете-үйрете әбден ығыр еткен өзімсіз. Б.Тоғ. ~ Ондай адамның жүйкесі жұқарады, артық сөзді көтере алмайды. Қ.Жұм.
