Posted in

ЕКІ АУЫЗ СӨЗ

Қысқа, тұжырымды ой. * Бұл ертегіге қосымша өлең мынау: Әділ бидің алдынан іс кетпейді, Жәбірлікті нәпсі үшін істетпейді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп, Абыройын кісінің еш төкпейді. А.Байт. * Екі ауыз сөзді әзер айтқан Әлімбайдың жүзін ыстық жас жуып жүре берген. С.Әбік. * Қазақта «өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі кісі тіршілігін істейді» деген сөз бар. Ұлы мақал! Нәсілдің бүкіл рухани тәжірибесі алтындай құйылып осы екі ауыз сөзге сыйып кеткен. Т.Әс. * Халық арасындағы тіл құдай сала көрмесін, біздің қазақта абайламаса – сөз сүйектен өтеді, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешеді, айтылған сөз – атылған оқ еді. Ж.Аязб.