Біреудің істеген жақсылығына деген қанағаттанушылық сезімі, мәңгілік ырзашылығы туралы. * Осының бір шикі өкпесінің маңдайынан иіскеп, кекілін сипаған соң ала бер, арманым жоқ! Екі дүниеде мен риза, қалың бейнеттен кез ашпай кеткен әкесі риза. М.Қаб. * Сені кінәламаймын. Обалымыз мына заманға. Сен атпасаң, бәрібір басқа біреу атады. Тек бір тілегім бар, соны орындасаң, екі дүниеде ризамын. Т.Сәу. * Сол үшін де Кривоноговке күні бүгінге дейін екі дүниеде бірдей разы. Содан да болар, Кривоногов қытайға өтіп кетіпті дегенді естігенде таң-тамаша қалып, іштей өкінген де. Қ.Ысқ.
