Сөзге шорқақ адам туралы. * Екі сөздің басын құрап, жарты бет хат жаза алмайды, осы неме не оқып жүр өзі!» деп ренжитін. Т.Сәук. * Аптасына екі сағаттан қазақ тілін он жыл оқыса да, әр ұлттың балалары (ішінде, әрине, қазағы да бар) қазақша екі сөздің басын да құрай алмайды. Г.Бельг. * Катер-рина! – Боғауызсыз дені сау екі сөздің басын құрай алмайтын шал үйреншікті әдетімен бір сықпыртып өтті. В.Расп. * … Ақбілек әнеугүні Әмір ағасын тосын көргенде, одан кейін әкесіне, қатындарға, ауылына көріскенде түк айта алмай, екі сөздің басын ұйқастырып қоса алмай, тығылып қалды ғой. Ж.Айм.
