Posted in

ЕКІ ҰДАЙ

Екі ойлы; екі ұшты; әрі-сәрі; дүдамал. * Бұл кезде қарақалпақ та екі ұдай. Сырдарияның өріндегі ел Қалдан шеріннің қоластында қалған. Башқұрт ішінен келген төре Сұлтанмұратты хан көтеріпті. З.Шүк. * Даланы қия алмаған, қалаға сіңе алмаған екі ұдай адамның құбылуы оп-оңай екен. М.Қаб. * Төргі бөлмедегі қорылға құлағын тіге қап, іле көз қиығын келіншегіне тастады. Ондайда аузын ашып, екі ұдай тұрып қалады. Ферманың сауын сиырлары есіне түссе, асыға қайта киінеді. М.Сүнд.
Екі түрлі. * Осыдан үш жыл бұрын әкімдер Назардың қобызын қара құлақ қылғанда Зияшты екі ұдай сезім биледі. Т.Әлім. * Ал, ондай ауыз құдыреттерге тоқтасаң, айтатындары белгілі… Көшпендінің алдында ылғи екі ұдай жол жатады. Біреуі – жерді қорғау, біреуі – елді қорғау. Ә.Кек.