Posted in

ЕЛ БАСТАДЫ

Халыққа жол көрсетті; көсемдік жасады. * Ел бастаған көсемде милләт болмайды. Оның ұлты, дос-жараны, туыс-бауыры – тек әдiлдiк қана. Т.Сәук. * Кешегі ел бастаған Есімжан баласының мынадай жерде өз қара басының осы бір өнімсіз даукерлігін ашып, өзінің ішкі әлегіменен таусылып отырғанын жаратқан жоқ. Ж.Ахм. * Ресейдегі ескі-жаңалы екі үкіметтің, бірімен бірі жауласып қан төгіскен тұсында тұра қашқандар ішіндегі ел бастаған, ел бастамаса да елеулі рол атқарғандардың соңынан қуғын түсіп, талайлары жасырын ұсталып кетіп жатты. Ғ.Біл.