Posted in

ЕЛ ТҰТҚАСЫН ҰСТАДЫ

Ел басқарды, көсемдік қылды. ~ ~ Себебі, ел тұтқасын жан
жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға
дамымақ. Ол үшін мұғалім тынымсыз еңбек етуі керек,
техниканың барлық саласын жақсы меңгеруі шарт. БАҚ. ~
келешек ел тұтқасын ұстар жас өрендер, кітапхана ісі саласы
болашаққа бағдар беріп, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея, яғни «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге
асыратын бірден-бір сала болғандықтан бұл мамандықтың
абыройын көтеретін істер жасалынуы тиіс деп ойлаймын.
БАҚ. ~ Қазақ елінің көгін жарқыратар айбынды ұлан болсам,
ел тұтқасын ұстар азамат атансам деген бала қиял менің
құрбыларымның көкірегінде арман боп ұялап жатқаны анық.
БАҚ.