Posted in

ЖАҚ (ЖАҒЫН) АШПАДЫ

Үндемеді, ләм-мим демеді, міз бақпай отырып алды. ~ Біразға дейін үшеуі де бір мылқау үнсіздіктің құрсауына шырмалды. Шәкенге етене Сейіттің өзі ләм-мим деп жақ ашпады. И.Жақ. ~ Жолсыз түнде Жұлдызынан адасқан Бiр мен бе екем, Ол жайлы ендi жақ ашпан. Бақытым бар бiр басыма жететiн, Өз далам бар, жұтар ауам, бар аспан. Ә.Балқыб. ~ Қария атын тебінгенде бәрі соңынан ілби ілесті. Айтар сөздері таусылғандай ешқайсысы жақ ашпады. Ш.Құм. ~ Ақ жеңешем бұрын да шешен болатын, – десіп Мәдияр мен Маралбай жарыса күліп еді, Ақтоты қайтып жағын ашпай қойды. Т.Рыск.