Posted in

ЖАҚСЫ ЖАТЫП, ЖАЙ (ЖАЙЛЫ) ТҰР

Жатуға дайындалған адамға айтылатын, жақсы ұйықтап, тынығып тұруына тілектестік. ~ Ол жігіт шағында алыстан аңсап келген жора– жолдастарына отау тігіп сыйлаушы еді. Ойын тарқарда: «жақсы жатып жай тұрыңдар. Түн қараңғы, түндік жабулы» деп өз үйінен кетуші еді. Т.Әл. ~ Жақсы жатып, жай тұр. Көңілімнің бөтендігі жоқ. Қолымнан келмеді,— деді Сәлима үстіндегі сулығын қаудырата шешіп, басына бүркеніп. М.Сүн. ~ Осы саудадан ұтылсам да оны тексеретін қатыным емес. Жақсы жатып, жəй тұр, – деді де, қанды көз шығып кетті. Ж.Айм. ~ Бірләннің кідірмей, асыға кірген түріне қарап, есік алдындағы оқалы киім киген қарт швейцар оған еш бөгет істемеді. Тек: − Кеш қайттыңыз ғой. Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз,– деді де қойды. І.Ес.