Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫ КҮЛТЕЛЕНДІ

Жал-құйрығын сәндеп, тарады. ~ Иіскеп тұрып соны мен, бақ аңсаймын, Болса өзгеде, жоқ және қызғанбағым. Тамызықпын жолдасқа, білтедеймін, Жал-құйрығын атының күлтелеймін. Ж.Мол. ~ Көңілі осыған ауып тұр да. − Мына құлпетке ме? − Өйтпе. Жал-құйрығы күлтеленіп ертең арғымақтың өзі болып шығар, бәлкім. Кім біледі? Н.Дәут. ~ Менің ағам мәйпарас емес, шараптың күшімен жүрген жоқ, найзаның ұшымен жүр. Жал-құйрығы күлтеленген, күпшек санды күрең мінсе, елі үшін мінді, қарланса, қаһарланса сол елінің қамы еді, бауар-олжа табайын деп жүрген ол емес дедім… Б.Қыд.